Қазақ ешқашан өзгенің киімін кимеген Қазақ ешқашан өзгенің киімін кимеген.Басқа ұлттардың өздеріне тəн киімі болса , қазақтың қыз-келіншектері мен апа-əжелерінің де əр киімінде философиялық астары бар киімдері болған . Мысалы,қазақ əйелдерінің киген киімі функциялық (атқаратын қызметі) жағынан арабтың киген киімдерінен асып түспесе,кем емес.Ал қазір кейбіреулер: "қазақ əйелі бүйтіп киінбеген,тұмшаланбаған,оранбаған",-дейді.Осы сөздерге тарихи дəлелдер келтірсек ... ХІХ ғасырда Қазақ даласының Шығыс өлкесіне саяхат жасаған неміс ғалымы Брем Альфред қазақ әйелдері туралы былай деп жазады: "Қырғыздар әйелдерін көзге бір көрінгендіктен әлдеқайда жоғары сыйлайды. Менің қырғыз досым Аттыбайдың: "Біз арғымақтарымызды қалай құрметтесек, әйелдерімізді де солай жоғары құрметтейміз, себебі екеуіне де баға жетпейді", - деген сөздерінің жаны бар. Тұрмыс құрғаннан кейінгі алғашқы жылы қырғыз әйеліне бөтен адамдарға бетін көрсетуіне болмайды, ал қайын ағасының алдында бетін ылғи да жауып жүруі тиіс. Себебі әлдеқандай жағдай бола қалса, жұбайының артында қалған бар мүлігі мен әйеліне оның ағасы ие болып қалады, ал бетін көріп қалса, сұқтанушылық пайда болуы мүмкін. Ал қартайған шағында келіннің ондай ашқарақтықтан қорықпауына болады, бірақ соның өзінде де келін осы қабылданған дәстүрді бұзбайды. Ол туыстарына жатпайтың бөтен адамдарға өз түрін көрсетуге ұмтылмайды да. Қараңыз: Брем Альфред Эдмунд "Қырғыздарға саяхат": Қазақ тіліне аударған Ә.Әлжанов. - "Қазығұрт". 2015. 270-271 бб. Орыс зерттеушісі И.Г.Андреев былай деп жазады: «Қазақ әйелдері әшекейлерді кеудесіне де тағады. Бастарына жаулық салып, оның үстінен маңдайға дейін түсетін жамылғы киеді де, оған жіпке тізілген маржан, інжу қадап қояды. Оның үстінен ақ жаулық салады. Арқа жағындағы жаулықтың ұшы жерге тие жаздап тұрады. Кейбіреулері мұрнына кішкентай күміс сырға тағып жүреді, осы арқылы әкесінің ең сүйікті қызы екенін аңғарасың. Саусақтарына жүзікті молынан салады; ал құлақтарына көбіне інжу қадаған ұзынша сырғалар тағады». Жаулықтың қазақтың ұғым-түсінігенде қаншалықты құнды екенін ақын-жыраулардың өлең жолдарынан да көруге болады ... Мысалы,Қатаған мен Сүйінбайдың айтысындағы мына жолдар: "Сұлу деген сол елде, Ашпаған бетін пендеге, Еркектерін ардақтап, Өмірі адам көрмеген!" Бейімбет Майлиннің өлеңінде де сөз етіледі: Адыра қалғыр ақ жаулық, Тұрмайды обырып басымда. Жазасын шектім аңқаулық, Үйрене бермей жасымда. Қазақ қалдырған асыл сөздерден де көруге болады: Бірінші байлық - денсаулық Екінші байлық - ақжаулық Үшінші байлық - он саулық Қазақтың қазыналы кітаптарының бірі "Жеті ғасыр жырлайды" кітабы десек,осы кітапта 19-ғасырда өмір сүрген ақын əрі айтыскер ақын , өз заманындағы Майлықожа сынды майталмандармен өнер жарыстырған Мəделі атамыз сол кездегі қазақ қызының тал бесіктен ақ босағаға дейінгі сипатын бейнелейді.Мұнда қазақ қызы қай жаста қандай болғанын , не істегенін көруге болады.Өлең жолы былай келеді : Қыз бала , бір жасыңда талпынарсың, Шыққан соң екі жасқа,қаз тұрарсың. Екі жастан үш жасқа шыққаннан соң, Жүгіріп үйден-үйге шарқ ұрарсың. Қыз болып төрт жасыңда тұлымшақты, Байларсың тұлымыңа қызыл шоқты. Төрт жастан бес жасына шыққаннан соң, Ойнарсың қыздарменен қуыршақты. Қолыңа алты жаста ұршық алдың, Жібекке жеті жаста пұл шығардың. Жетіден сегіз жасқа шыққаннан соң, Шешеңнің,тойға бар деп,тынышын алдың. Қыздармен тоғызыңда тойға бардың, Қолыңа он жасыңда оймақ алдың, Он жастан он бір жасқа шыққаннан соң, Қулықты қай-қайдағы ойлап алдың. Тартасың он екіде орамалды, Қулығың он бірдегі о да қалды. Он екіден он үшке шыққаннан соң, Сыпырдың тұрымтайдай томағаңды ... (Өлеңнің жалғасын кітаптан қарарсыздар...) Бұл жердегі :"Сыпырдың тұрымтайдай томағаңды" деген сөзді ашықтайтын болсақ ,əдетте бүркітті саятшылыққа алып шыққан кезде көзін жауып тұратын томаға дейтін бүркіттің бас киімі болады.Жолай қоян немесе түлкі кездескенде томағасын сыпырып алып тастайды . Сонда бүркіттің көзі ашылып жемтігіне қарай ұша жөнеледі.Яғни,бұл жердегі қызға теңей айтылған томағасын сыпыру қыздың бой жетіп , көзі ашылғандығын білдіреді.Міне , бұл қазақ қызының балиғат жасына толы бастаған кезі болып саналады. Қорытынды : Мұндағы маңыздылық ар-ұятты сақтау . Ислам дінінің шыққанына 14 ғасыр болса , біздің жерге келгеніне 12 ғасыр . Осы аралықта "ата-бабамыз ислам дінін толық ұстанбаған" - деу мүмкін бе ...? Осынау уақыттар бойы дінін əдет-ғұрып , ырым - тыйым , салт-санасына сіңірген бабаларымыз дың дінді берік ұстанғанына жақында ғана өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының кеңесінде Профессор Әшірбек Мүминов өз баяндамасында ханафи фикх мектебінің 50 мужтахидінің 26 осы қазақ топырағынан шыққандығын негіздеп бергені дəлел болады. Сөзімізді ұзын етек киім мен орамалдың қызметін айшықтай түскен Əзілхан Нұршайықовтың сөзімен аяқтасақ: Əзілхан Нұршайықов : "Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды",-деген екен ... Дайындаған : Анарбек Нұрланұлы